Mariya Bykova’s biography, net worth, fact, career, awards and life story

Intro científica kazaquistanina (1904–1981)
A.K.A. Mariya Sergeyevna Bykova
Was Scientist
From Kazakhstan
Type Science
Gender female
Birth 21 December 1904
Death 1981
(aged 76 years)

Мария Сергеевна Быкова (21.12.1904, Санкт-Петербург қаласы – 1981) – ғалым, стратиграф-палеонтолог, геологиялық-минерал, ғылым докторы (1959), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1961).

– 1930 жылы Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің физикалық-математикалық факультетінің геология бөлімін бітірген.
– 1930-31 жылы Санкт-Петербургтегі Бүкілодақтық геология ғылыми-зерттеу институтында (ВСЕГЕИ) кіші ғылыми қызметкер,
– 1931-46 жылы «Қазгеолотресінде», кейіннен «Қазгеолоуправление» аталған мекемеде геолог қызметтерін атқарды.
– 1946 жылдан бастап өмірінің соңғы күніне дейін Қазақстан ғылым академиясының Қаныш Сәтбаев атындағы Геологиялық ғылымдар институтында аға ғылыми қызметкер, палеонтология бөлімінің меңгерушісі (1949 жылдан) болып, ғылыми жұмыс жүргізді. Еңбек Қызыл Ту (1963), Ұлы Отан соғысы (1941-45) орден, медальдарымен марапатталған, Қазақстан Кеңес Үкіметінің Құрмет грамоталарына ие болған, бұрынғы Бүкілодақтық палеонтология қоғамының мүшесі.
Тыл жұмысының негізгі бағыты – Қазақстанның девон мен тас көмір дәуірлерінің тау-кен шөгінді жыныстарының стратиграфиясы мен тас көмір кезеңінің маржан жәндіктерін зерттеу. Бұл салада 53-тен астам ғылыми еңбектердің, соның ішінде 3 монографияның авторы. Быкованы Қаныш Сәтбаев жұмыс бағытында өте құрметпен сыйлаған, жоғарыда айтылған ғылым еңбектерін бағалап, зертхана меңгерушісі етіп тағайындаған.

Дереккөздер

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *